Жыл басынан бері 70 мыңға жуық қазақстандық субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды
Уақытша жұмыспен қамту және азаматтарға қолдау көрсету мақсатында мемлекет субсидияланатын жұмыс орындарын құрылып жатыр. Бұл кәсіби тәжірибе жинақтауға және тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Қазіргі таңда 4 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүруде:
Қоғамдық жұмыстар: еңбекақысы 103,8 мың теңгеден кем емес; 49,6 мың адам тартылды.
Әлеуметтік жұмыс орындары: жалақыны субсидиялау (103,8 мың теңгеге дейін); 8,2 мың адам жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесі: оқуды аяқтаған түлектерге (жалақысы 129,8 мың теңгеге дейін) арналады; 4,9 мың адам қатысуда.
«Күміс жас»: 50 жастан асқан азаматтар үшін (3 жыл бойы жалақының 70%-ына дейін субсидиялау); 7,1 мың адам жұмысқа орналасты.
Жыл басынан бері субсидияланатын жұмыс орындарымен 70 мыңға жуық қазақстандық қамтылды.