Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңке қайта жалғасады
27 қараша, 2024


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
30 қараша және 1 желтоқсан күндері Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Ол әр демалыс сайын жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО-да өтеді. Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдер сатып ала алады.
Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар

3 шілде, 2025
Астанада «Әскери керней» атты XI әскери-музыкалық фестиваль өтеді

3 шілде, 2025
Орталық касса мереке күндері қалай жұмыс істейді

3 шілде, 2025
Мангалды пайдалануға қатысты талаптар: ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

3 шілде, 2025
Терезеден құлау оқиғалары ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруымен байланысты болып отыр - ТЖД