00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елордада 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Халықпен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Астана қаласының аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Өткізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аумағындағы тұрғындармен танысып, азаматтардың арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерді тексеруде. Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР аумағында тіркеусіз тұрғаны үшін 6 мыңға жуық адам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 400-ден астам азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 1800-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды.