00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

2022 жылдан бері құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын активтер қайтарылды

10 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
2022 жылдан бері құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын активтер қайтарылды
фото: ortcom.kz

Қазақстанда заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Былтыр Парламент қабылдаған бейінді заң нормалары 2023 жылдың 12 қыркүйегінде толығымен күшіне енді. Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы шаралардың аралық нәтижелері туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Активтерді қайтару жөніндегі іс-қимыл заң қабылданғаннан едәуір бұрын басталған. 2022 жылдың басынан еліміздің құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік, уәкілетті мемлекеттік органдардың дәстүрлі шараларымен құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын активтер қайтарылды. Бұл қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша мемлекет пайдасына өндірілген сомалар мен мүліктер және мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау қызметі аясындағы өндірулер», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.