00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қостанай облысында 70-ке жуық құқық бұзушылық анықталды

24 желтоқсан, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Қостанай облысында 70-ке жуық құқық бұзушылық анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қостанай облысында шетелдік такси жүргізушілерінің заңсыз әрекеттері анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыста шетелдік такси жүргізушілерінің заңсыз әрекеттерін анықтау мақсатында «Заңсыз келуші-таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шара жолаушыларды тасымалдау саласындағы көші-қон және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған.

Рейд барысында 68 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 42 жағдай шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын бұзуымен, ал 26 оқиға жол қозғалысы ережелерін сақтамаумен байланысты болды.

«Осындай құқық бұзушылықтардың бірі 20 желтоқсан күні Лисаков қаласында тіркелді. 40 жастағы шетелдік азамат, «Индрайвер» қосымшасы арқылы Toyota Alphard автокөлігімен жолаушылар тасымалдап жүрген жерінен ұсталды. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның бұл қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ екенін анықтады. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы негізінде іс қозғалды», - деп жазылған хабарламада.



Қостанай облысының полиция қызметі заңсыз такси қызметінің салдары ауыр болатынын еске салады. Тиісті рұқсатсыз такси жүргізушісі ретінде жұмыс істеу заң бұзушылық болып табылады және ол әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Құқық қорғау органдары тұрғындарды заңсыз тасымалдау әрекеттерін байқаса, тиісті органдарға хабарлауға шақырады.