00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елде 7 мың шақырым канал салынады – министрлік

Елде 7 мың шақырым канал салынады – министрлік
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

700 мың гектардан астам суармалы жерді қалпына келтіру және жақсарту, сондай-ақ жалпы ұзындығы 7000 шақырым канал салу және реконструкциялау жұмысы жүргізілуде.

«Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, аталған құжаттарда өнімсіз шығындарды азайту және қосымша су көлемін жинау бойынша да көптеген іс-шара қарастырылған. Мысалы, 2024 жылы Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Түркістан облысындағы Бәйдібек-ата және Қарақуыс су қоймаларының құрылысы, сондай-ақ Қапшағай және Киров су қоймаларын реконструкциялау басталды», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.