Қазақстанда алғаш рет тревел-блогерлердің TBEX конференциясы өтеді
ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет Қазақстанда маңызды халықаралық іс-шара өтеді. Бұл туралы Elordainfo.kz «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Алматы 2026 жылы туризм бағытында креативті контент жасаушылардың Travel Bloggers Exchange ірі халықаралық конференциясын қабылдауға дайындалып жатыр.
Оған шамамен 300 млн адамды құрайтын 300-ден астам танымал сарапшы мен журналист, блогер-саяхатшы қатысады деп күтілуде. Жаһандық іс-шара елдің туристік әлеуетін және бірегей ұсыныстарды халықаралық туристік қауымдастыққа таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы TBEX президенті Рик Калверт Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырушыларға TBEX өткізуге алаңды ұсыну бойынша өтінім жолдап, іріктеу нәтижесінде ұйымдастырушылар Қазақстанды таңдаған.
Бұған дейін конференция Еуропада, Солтүстік Америкада және Азия-Тынық мұхиты аймағында өткізілген.