Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүріп жатыр

26 маусым, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүріп жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жүргізілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Резервті қалыптастырудың негізгі міндеті – қоғамдық мүдделерді басшылыққа ала отырып, біздің еліміздің дамуына өзгерістер енгізгісі келетін жаңа формацияның көшбасшыларын іздеу.

Резервке іріктеуге отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Резервке іріктеудің бірінші кезеңі – кандидаттардың құжаттарын қабылдау pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында 2025 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.

Сонымен қатар мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін кандидат ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден немесе Мемлекеттік басқару академия базасында qrt.kz QAZAQ RESMI TEST қазақ тілін тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден өту қажет.

Бұл ретте Qazaq Resmi Test (QRT) жүйесі бойынша тестілеуден өтеусіз негізде өту үшін кандидаттар 2025 жылғы 27 маусым сағат 23:00-ге дейін промокод алу мүмкіндігіне ие және тестілеуді 2025 жылғы 30 маусым сағат 13:00-ге дейін тапсыра алады.