Таразда анасымен араласпай кеткен әйел мұрагерліктен айырылды

Бүгін, 13:54
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Таразда анасымен араласпай кеткен әйел мұрагерліктен айырылды
Фото: freepik.com

Тараз қалалық соты азаматша М.-ның жауапкер П.-ға қатысты мұраны қабылдау және мұраны қабылдаған деп тану мерзімін қалпына келтіру туралы талап қоюы, сондай-ақ П.-ның М.-ға қатысты лайықты емес мұрагер ретінде тану туралы қарсы талап қоюлары бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz Тараз қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талап қоюшының анасы 2024 жылдың маусымында қайтыс болғаннан кейін, үй түрінде мұра ашылды. 2025 жылдың қаңтарында нотариус жауапкер П.-ға (немере ағасы) мұрагерлік құқығы туралы куәлік берді. Талап қоюшы М.-ға мұраны қабылдау үшін 6 айлық мерзімді өткізіп алуына байланысты куәлік беруден бас тартылды.

Талап қоюшы өмірлік қиын жағдайларға сілтеме жасай отырып, мерзімді қалпына келтіру туралы сотқа жүгінді. Жауапкер талап қоюшыны лайықсыз мұрагер деп тану туралы қарсы талап қойып, М. ұзақ уақыт бойы анасымен байланыста болмағандықтан, оған қарауы мен күтіміне қатыспағандығы туралы айтты.

«Сотта талап қоюшының анасымен байланыста болу мүмкіндігінен айырылмағаны анықталды, осымен бірге мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігі дәлелденген жоқ. Жауапкер іс жүзінде мұра қалдырушыға күтім жасап, оның күтімі мен емделуін қамтамасыз етті.

Сот дәлелдемелерді бағалай отырып, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруге негіз жоқ деген қорытындыға келді», - делінген хабарламада.

Сот шешімімен мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап қою қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қарсы талап қою қанағаттандырылды. Талап қоюшы лайықсыз мұрагер ретінде танылып, мұрагерлер қатарынан шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Астана соты несие алғысы келгендерді алдаған алаяқты соттаған болатын.