Зейнолла Ыдырысов Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды

фото: Olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Olympic.kz жазуынша, ол ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.
Жеңісті америкалық Брэндон Дэнг (14,633) иеленді. Екінші орынды Патрик Хупс (АҚШ) – 14,533 ұпаймен алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:31
Қазақстандық параволейболшылар әлем кубогында жеңіске жетті

Бүгін, 09:31
Қазақстандық параспортшы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

Бүгін, 08:53
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі басталды

14 қазан, 2025
Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті