00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Республикалық «SportArtFest» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 13:06
Торғын Аман Торғын Аман
Республикалық «SportArtFest» байқауының жеңімпаздары анықталды
фото: www.gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен «Ules» жобасы аясындағы республикалық «SportArtFest» байқауы мәреге жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байқаудың мақсаты – жастарды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда дамыту, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне еліміздегі 500-ден астам елді мекеннен 10 000-ға жуық жас қатысты. Үздік 20 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар үш күн бойы зияткерлік және шығармашылық жарыстарда бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойынша Жетісу облысының «Tau stars» командасы 1-ші орын, Жамбыл облысының «Шу жастары» командасы 2-ші орын алса, 3-ші орынды Атырау облысының «Firdaus» командасы иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры – 1 600 000 теңге.