Қазгидромет 29 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.
Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.
Күндіз ауа температурасы +19, +21°C.