Таза Қазақстан: Жыл басынан бері елорда аумағында 30 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елорда аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәлімдеуінше, қала аумағында абаттандыру талаптарын сақтау, тұрмыстық қалдықты белгіленбеген орынға тастаудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейд және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылған.
Кезекті бақылау барысында полиция Е430 көшесі аумағында заңсыз қоқыс үйіндісі анықтады. Жиналған қалдық санитарлық талапты бұзып, қоршаған ортаға зиян келтірген.
Қолданыстағы заңға сәйкес, қоқысты белгіленбеген орынға тастау және абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 2-бөлігі жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жыл басынан бері қала аумағында 30 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде абаттандыру қағидасын бұзу, қоқысты белгіленбеген орынға тастау және санитарлық тазалық талаптарын сақтамауға қатысты фактілер бар.
Полиция қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастауға және абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады.