Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте 29 орын жоғары көтерілді

Фото: ktf.kz
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасында жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Үздік үштік өзгеріссіз қалды: италиялық Янник Синнер көш бастап тұр, испандық Карлос Алькарас екінші орында, неміс Александр Зверев үшінші орында.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик төрт орын жоғалтып, 32-орынға түсті. Александр Шевченко екі сатыға көтеріліп, 59-орынға тұрақтады.
Михаил Кукушкин 111-ші болып қалды, Дмитрий Попко 173-тен 175-ке төмендеді, Бейбіт Жұқаев 29 сатыға көтеріліп, 184-орынға жайғасты, Тимофей Скатов 194-ші (-2) орынды қанағат етті.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:31
Қазақстандық параволейболшылар әлем кубогында жеңіске жетті

Бүгін, 09:31
Қазақстандық параспортшы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

Бүгін, 08:53
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі басталды

14 қазан, 2025
Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті