Қазақстандық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

9 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Қазақстандық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Фото: polisia.kz

Польшаның Миколув қаласында СOMBAT JU-JITsu бойынша әлем чемпионаты өтті. Халықаралық жарысқа 32 елден 860 спортшы қатысып, өзара шеберлік көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің түкпір-түкпірінен барған спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болған. Қазақстан атынан сынға түскендердің қатарында Шымкент қаласы ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы Маханбет Нұржан да болды.

«Жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметімен қатар, спортта да табысқа жеткен спортшымыз үздік екенін дәлелдеп, жүлделі 1-орынға ие болды. Байрақты бәсекенің финалында басқа елдің спортшысын жеңіп қарсылас шақ келтірмеді. Бұл жеңіс – Маханбет Нұржанның спорттық мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу спортының беделін халықаралық деңгейде көтеруге қосқан маңызды үлесі», - делінген хабарламада.