Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы дүркіреп өтті (ВИДЕО)

12 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы дүркіреп өтті (ВИДЕО)
фото: видеодан алынған кадр

Кеше әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның көпшілік асыға күткен үйлену тойы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматыда дүркіреп өткен тойға қазақ эстрадасының өкілдері қатысты, ал халық тікелей эфирден тамашалады. 

Халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова екі жастың тойында ерекше ән шырқады.

«Шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар бір Аллаға болсын! Адамзаттың асылы Пайғамбарымызға сансыз салауаттар болсын. Бізге тілектес болған жандарға Алланың разылығы болсын. Сіздер де жақсылық көріңіздер. Баршаңызды құшақтадым!»,- деп жазды Сәкен Майғазиев өз парақшасында.

Тойда бірнеше жұп жүргізуші болған. 

«Е.Карин, И.Тасмағамбтов, А.Балаеваның құттықта хатын оқығалы тұрмын. Есте қалатындай той болды»,- деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Сәкен Майғазиевтің қыздары мен жары Динара алғаш рет сахна төрінде ән шырқады. 

«Жұғысты болсын деп кәмпиттен де үлесімізді алдық. Баршамызға Сәкен мен Динараныкіндей үлкен той бұйыртсын», - деп жазды журналист Айгүл Мүкей.