Шымкентте пәтерін жалға берген тұрғын сотталды
2 мамыр, 2025


Фото: freepik.com
Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«А» есімді азаматша пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген. Нәтижесінде пәтерді жалға алушы «Б» көмірқышқыл газымен уланып, қайтыс болды.
«2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу») бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

30 маусым, 2025
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

30 маусым, 2025
«120 жыл өмір сүргім келеді»: 74 жастағы қазақстандық зейнеткер заңгер атанды

30 маусым, 2025
Қарағандыда мемлекеттік мүлік коммуналдық меншікке қайтарылды

29 маусым, 2025
Жетісу облысында екі полицей қызмет бабында қаза тапты