Шерзат Полаттың ісі: айыпталушылардан ертең жауап алынады

Бүгін, 17:16
Айман Нығмет Айман Нығмет
Шерзат Полаттың ісі: айыпталушылардан ертең жауап алынады
фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот отырысы барысында 7 куәден жауап алынды. Сондай-ақ тергеу сатысында қайтыс болған жәбірленуші Н.Гаипбаевтың күдіктілердің жеке басын анықтау және жәбірленуші Қ.Нұрымовтың куә С.Әбдіқадырмен беттестіруінің бейне жазбалары қаралды.

Оқи отырыңыздар: «Өлтіресіңдер деп айғайладым»: Талғар қаласының тұрғыны Шерзат көз жұмған күн туралы айтып берді

Кезекті сот отырысы ертең, яғни 6 мамыр сағат 10:00-де өтеді. 

«Ертең сағат 10-да сотталушылардан жауап алу басталады»,- деді судья Ержан Жанұзақов.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында айыпталушылардың туыстары желіде видео тарап, жұрт сынап жатқанын айтты.

Сонымен қатар куәгерлердің бірі жерден оқ пен кілт және қанды көргенін айтып берді.