Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

Бүгін, 16:21
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views43
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды
Фото: Boxingscene.com

Қазақстандық әйгілі боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкин (42-2-1, 37КО) Халықаралық бокс Даңқ залы (IBHOF) жаңа мүшелігі үміткерлерінің қатарына енді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, орта салмақта WBA/IBF/WBC нұсқасы бойынша ұзақ жылдар чемпиондық атағын қорғап, бокс жанкүйерлері үшін ерекше жекпе-жектер өткізген Геннадий Головкин 2022 жылдан бері шаршы алаңда төбе көрсетпей, белсенді болмаған соң аңыз боксшылар тізімі қатарына қосылуға лайықты. 

Америкалық басылымның жазуынша, 2026 жылғы IBHOF жаңа мүшелігіне үш аңыз боксшы үміткер атанып отыр. Олардың қатарында қазақстандық былғары қолғап шебері Головкиннен басқа америкалық Вернон Форрест және ирландиялық Стив Коллинз бар. 

Вернон Форрест (41-3, 29КО) жартылай орта салмақта және кіші орта салмақта әлем чемпионы атанған. Боксшы соңғы жекпе-жегін 2008 жылы өткізіп, 2009 жылы бұзақылар қолынан қаза тапты. 

Стив Коллинз (36-3, 21КО) 1990 жылдары орта салмақта және супер орта салмақта WBO титулдарына ие болған. 

Әйелдер арасында үміткерлер қатарында Жапонияның бес дивизион чемпионы Наоко Фудзиока (19-3-1, 7 КО), германиялық екі дивизиондағы әлем чемпионы Кристина Хаммер (28-1, 13 КО) және мексикалық Джеки Нава (40-4-4, 16 КО) бар. 

Дауыс беру нәтижесі желтоқсан айының басында белгілі болады.