Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

2 қазан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views74
Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды
фото: primeminister.kz

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады, деп хабарлады Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 

Бүгінгі таңда 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналды. Нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 229,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тонна картоп және гектарына 303,1 центнер өнімділікпен 3,2 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324 ц/га өнімділікпен 427,5 мың тонна қырыққабат, 429 ц/га өнімділікпен 897,4 мың тонна пияз, сондай-ақ 286,8 ц/га өнімділікпен 328,5 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сай мерзімде жүргізіліп жатыр.

Айта кетелік астықтың 777 мың тоннасы экспортталды.