Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz
Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті.
Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді.
Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:42
Елордалық команда VI жазғы жастар спорт ойындарында күміс жүлдегер атанды

Бүгін, 09:28
Астаналық әскери қызметші 600 шақырымдық супермарафонды еңсеріп, рекорд орнатты

30 қыркүйек, 2025
Елордада сәнқой әжелер арасында этнофестиваль өтті

29 қыркүйек, 2025
Астаналық ұстаз ауыр жүк көлігін сүйреп, жаңа рекорд орнатпақ (ВИДЕО)