Нұрдәулет Жұмағали әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 17:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views125
Нұрдәулет Жұмағали әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігінен

Сингапурда өтіп жатқан паражүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бірінші орынды бейтарап елдің спортшысы Тимофей Гук 1:06.51 уақытымен иеленсе, үшінші орынға 1:06.99 секунд нәтижесімен украиналық Алексей Федина жайғасты.

Айта кетейік, бұл Нұрдәулеттің әлем біріншіліктеріндегі үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы Мадейрада және 2023 жылы Манчестерде жүлдегер атанған болатын.

Паражүзуден әлем чемпионаты 21-27 қыркүйек аралығында өтіп, байрақты бәсекеде 75 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 7 спортшы бақ сынауда. Сингапурда өтіп жатқан бұл турнир Лос-Анджелес 2028 Паралимпиада ойындарының алдындағы жаңа паралимпиадалық циклдің алғашқы ірі жарысы болып саналады.

Бүгінде елімізде 19 паралимпиадалық спорт түрі белсенді дамып, жыл сайын 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.