Қазақстанда бидайды токенизациялау бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ

Бүгін, 16:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views141
Қазақстанда бидайды токенизациялау бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ
Фото: primeminister.kz

Қостанай облысында агросекторға блокчейн енгізу бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізу жоспарлануда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, оны «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен өңір әкімдігі бірлесе отырып жүзеге асырады.

«Токенизация» технологиясы нақты бір тауарларды блокчейн платформасында цифрлық токендерге айналдыру дегенді білдіреді.

«Астық токенизациясы – бұл нақты астықты блокчейндегі цифрлық токенға аудару. Технология астықты есеп айырысу және сауда, несие алу, тәуекелдерді сақтандыру үшін пайдалануға болатын толыққанды қаржы құралына айналдырады», - деді Қаныш Төлеушин.

Айта кетейік, пилот Қостанай облысында сынақтан сәтті өткен жағдайда, салалық мемлекеттік органмен бірлесіп, жобаны ел бойынша кең ауқымда таратуды пысықтау жоспарлануда.