Астаналық спортшылар әлем чемпионатында топ жарды

Бүгін, 09:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views49
Астаналық спортшылар әлем чемпионатында топ жарды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Болгарияның Албена қаласында 13-18 қыркүйек аралығында пара қол күрестен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биылғы додаға 24 елден 547 спортшы қатысып, бақ сынады.

Елордалық спортшылар Қазақстан намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

• Ербол Ескенов – 1-орын (сол қол), 1-орын (оң қол);

• Никита Ермаков – 1-орын (оң қол), 3-орын (сол қол);

• Бекзат Бүркітов – 2-орын (сол қол), 3-орын (оң қол).

Пара қол күресінен жаттықтырушы Заир Ахмедов жарыстың деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

«Чемпионат ойдағыдай өтті. Биыл 500-ден аса спортшы қатысып, бәсекелестік деңгейі ерекше жоғары болды. Біздің спортшылар бар күш-жігерін салып, өздерін лайықты көрсетті. Әсіресе, алғаш рет әлемдік аренаға шыққан Бекзат Бүркітов сенімді өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді», – деді ол.