03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Құтқарушылар бүгін түнде өрт қаупіне байланысты екі қалада 52 адамды эвакуациялады

|
Photo: Фото: ТЖМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Құтқарушылар бүгін түнде өрт қаупіне байланысты екі қалада 52 адамды эвакуациялады

|
Photo: Фото: ТЖМ

Бүгін Көкшетау қаласының Саин көшесінде жылу трассасының қаптамасы жанып, от бірінші және екінші қабаттағы пәтерлердің балкондарына өршіді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына жеткен.

Олар жоғары қабат тұрғындарына қауіп төніп тұрғанын байқаған.

Өрт сөндірушілер дереу адамдарды эвакуациялауға кіріскен.

Құтқарушылардың әрекетінің арқасында түтінді кіреберістен 12 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. Өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол бермей, қысқа мерзімде сөндірілді.

Сондай-ақ бүгін түнде 112 қызметіне Қосшы қаласының Жангелдин көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖД өкілдері бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде электр қалқанында электр сымдарының қысқа тұйықталғанын анықтады.

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар баспалдақ арқылы 40 адамды эвакуациялады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗