03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді

|
Photo: GOSAUDIT.KZ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді

|
Photo: GOSAUDIT.KZ

Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына берді, деп хабарлады Elordainfo.kz Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.

ЖАП-тың мәліметінше, нысан бұған дейін жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілген, оның нәтижелері бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған.

«Нәтижесінде әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен объект Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» ШЖҚ КМК балансына берілді», - делінген хабарламада.

Крематорийдің қашан жұмыс істей бастайтыны барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗