«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарында 4 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Заманауи жүйелер қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауды күшейтуге, жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға және туындаған оқиғаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейнебақылау жолаушылар вагондарын қамтиды және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жанжалды жағдайларды анықтауға, жеке заттардың сақталуын қамтамасыз етуге және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық технологияларды қолдануға ерекше назар аударылады. Бейнекамералар болып жатқан оқиғаларды тіркеуге, бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және жолаушылардың өтініштерін объективті қарауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Бейнебақылауды пайдалану сонымен қатар пойыз бригадаларының тәртібін арттыруға, қызмет көрсетудің ашықтығына және жолаушылардың теміржол көлігіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық тасымалдаушы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Жұмыс ҚТЖ «Қауіпсіз темір жол» республикалық акциясы және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде жүргізілуде.
Еске салсақ, ҚТЖ-ның 400-ден астам локомотиві Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылғанын жаздық.