Алматыда 6 турист тау басында қалып қойған
3 қараша, 2025
ТЖМ
Кеше Алматы тауларындағы Букреев шыңында 6 турист, оның ішінде екі кәмелетке толмаған қыз бала күн батқан кезде қатты жаңбыр мен қар себебінен қиын жағдайға тап болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ауа райының нашарлауы және көмекке шақырғандардың нақты геолокациялық деректері болмағандықтан, барлық қажетті жарақтармен қамтамасыз етілген құтқарушылар көмекке шыққан. Туристерге бару және оларды алып қайту үшін шамамен бес сағат уақыт кеткен.
«Құтқарушылардың мінсіз дайындығының арқасында түнгі сағат 2-де туристер тобы ата-аналары күтіп тұрған «Елік-сай» турбазасының соңғы аялдамасына аман-есен жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Астана су қоймасында жел айдап кеткен екі серфингші құтқарылды
8 мамыр, 2026
Франкфуртқа ұшап бара жатқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды
8 мамыр, 2026
Астанадағы өрт кезінде 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды
7 мамыр, 2026
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің балконындағы өрт сөндірілді