03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада өткен республикалық жас ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

|
Photo: ЕҰУ баспасөз қызметі/Ербол Ерденбек
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада өткен республикалық жас ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

|
Photo: ЕҰУ баспасөз қызметі/Ербол Ерденбек

Астанада өткен «Қола домбыра» республикалық оқушылар арасындағы айтыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Дүбірлі дода екі күнге созылды. Айтыс тарихында Алтын домбыраның өзі 3 айналымнан аяқталса, Қола домбыра 4 айналымға ұласып, жаңа тарих жаңа есімдермен жазылды.

Қола домбыра Оқу-ағарту министрлігі, «El Umiti» қоры» корпоративтік қоры және «Айтыс ақындары мен жыршы – термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен екінші жыл қатарынан өтті. Жас ақындар «Жасанды интеллект дәуіріндегі жасампаз жастар», «Еңбек адамы – елдің тірегі», «Цифрландыру мен білім: жаңа дәуірдің талабы» тақырыптарында сөз сайыстырды.

Бірінші айналымда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 22 айтыскер ақын өнерін көрсетсе, финалға 8 ақын көштен суырылып шығып, 4 жұп құралды. Атап айтқанда, Қызылорда облысынан келген Еламан Кенжеш пен Астаналық Айғаным Махсұтханова айтысты. Кезекті Алматы обылысының ақыны Ақнұр Зайнулла мен Ақтөбе облысының ақиығы Белес Өтепберген жалғады. Үшінші жұпта Мейіржан Баршынбай Павлодар облысының намысын қорғаса, Жамбыл облысының жүйрігі Інжу Жаңабай өнер көрсетті. Төртінші жұпта Шымкент қаласының ақыны Айша Бақтияр мен Қостанай облысынан келген Нұрислам Рагат болды.

1-жұпта Еламан Айғанымның қылығына сүйсініп гүл сыйласа, Айғаным сыр еліне ерекше жыр сыйлады. Белес «Абыроймен айтыссақ ел алдында, Сол емес пе еңбектің ақталғаны» деп айтыстың қасиетін дәріптесе, Айғаным Ақтөбе облысынан келген ақынның анасын ардақтап, оны алтын адамға теңеді. Үшінші жұптағы Інжу «Әкеге ергендерден емес қазір, Әкеден безгендерден қорқу керек» деп қоғамдық мәселені қаузады. Қарсыласы Мейіржан «Қыздары былай тұрсын қазағымның, қызғалдағын жұлса да қызғанамын» деумен ұлттың абыройын асқақтатар өрендердің өсіп келе жатқанын аңғартты. Осы ойды төртінші жұптағы Нұрислам «Ел ертеңін ойлаған ұрпақ қана, елінің ертеңгілік қамын жейді» деп финалдық кезеңнің нүктесін қойды.

Жарыс мұнымен тоқтаған жоқ. Сегіз жұпты егіздеген қазылар алқасы 4 ақынды ақтық сынға шығарды. Суперфиналға Ақнұр Зайнулла, Мейіржан Баршынбай, Інжу Жаңабай және Нұрислам Рагат жолдама алды. Қазылар алқасы көрерменді күтпеген шешіммен таңқалдырды. Айтыста қыз бен жігітті қарсылас қылмай, Ақнұр мен Інжуді, Мейіржан мен Нұрисламды жұптастыруды жөн санады.

«Ақтық сынға 4 ақын шықты. 2 қыз және 2 ұл. Кешегі күннен бүгінге дейін финалға шыққан айтыскерлердің бәрі қыз – жігіт болып айтысты. Біздің басты мақсатымыз – ертеңгі айтыстың абадандары мен аққуларын тәрбиелеу. 1998 жылы финалға Құралай Әлкенбаева мен Айнұр Тұрсынбаева шығып қалып, тосын жайға куә болғанбыз. Өйткені мұндай оқиға тарихта болмаған. Бүгінгі ұстаханадан шыққан ақындар осындай жағдайда тосылып қалмасын деп қыз бен қызды, жігіттерді бір – бірімен айтыстыруды дұрыс санадық», - деді қазылар алқасының төрағасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов.

Суперфиналда Алматы облысының Ақнұры мен Жамбыл облысының Інжуі бірінші шығып, қазақ аруларының даналығын танытып, «бір ананың қос бұрымындай» юолып көрерменді тәнті етсе, Қостанай облысының ақыны Нұрислам мен Павлодар облысының Мейіржаны айтыстың адуынды жастарының жетіліп келе жатқанын дәлелдеді. Інжу мен Нұрислам қарсыластарынан бір бас жоғары болып, дода төртінші айналымға ұласты.

Інжу мен Нұрисламның айтысы тартысты өтті. Бірінің сөзі бірінен асып, айтыс сүйер қауым демін ішіне тартып отырды. Қола домбыра республикалық айтысының жалпы нәтижесі бойынша үшінші орынды Ақтөбе облысының ақыны Белес Өтепберген, Шымкенттік ақын Айша Бақтияр мен Астаналық Айғаным Махсұтханова иеленсе, екінші орынды Павлодар облысынан келген Мейіржан Баршынбай және Алматы облысының айтыскер ақын қызы Ақнұр Зейнулла жеңіп алды. Тұғырдың бірінші орнынан Қостанай облысының ақиығы Нұрислам Рагат көрінді. Республикалық оқушылар айтысының бас жүлдесін Жамбыл облысының ақыны Інжу Жаңабайқызы жеңіп, қола домбыраны қанжығасына байлады.

Республикалық оқушылар айтысында кіл мықтыдан – шын мықты анықталды. Айтысты тізгіндеген 2024 жылғы «Алтын домбыраның» жеңімпазы Мейірбек Сұлтанхан «Төл өнеріміз тұғырдан түспесін» деп дүбірлі доданы қорытындылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗