Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан топ құрықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысы аумағында мал ұрлығын ашу және оның алдын алу, сондай-ақ мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдау мен сатуға жол бермеу мақсатында «Бекет» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Глубокое ауданы мен Риддер қаласының аумағында мал ұрлығымен айналысқан топты ұстады. Төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екі ер адам ұсталып, келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты. Бұдан бөлек, 50-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Полиция азаматтарға мал жаю, тасымалдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату ережелерін сақтауды, сондай-ақ тиісті ветеринариялық құжаттарды алдын ала рәсімдеуді ескертеді.