03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алатауда тегін тамақ таратқан дәмхана иесіне айыппұл салынды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алатауда тегін тамақ таратқан дәмхана иесіне айыппұл салынды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Алатау қаласында дәмхана иесі жергілікті әкімдікпен келісімсіз іс-шара ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға дәмхананың ашылған күні – 26 қазанда болған. Алатау қаласының Жетіген шағын ауданында орналасқан дәмхана әкімшілігі мекеменің ашылуына орай іс-шара өткізген.

«Келушілерді тарту үшін тегін роллдар мен торт таратылған. Науқан дәл сол уақытта жанындағы жексенбілік базардың жұмысына сәйкес келіп, келушілер санының күрт артуына себеп болды. Сондай-ақ азаматтарды шақыру SMS-хабарлама арқылы жүргізілген», - деді ПД өкілдері.

Тексеру нәтижесінде іс-шара Алатау қаласы әкімдігімен келісілмей өткізілгені анықталған.

Сонымен қатар дәмхана әкімшілігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көп адам жиналған жағдайды реттеу шараларын дұрыс ұйымдастырмаған.

«Мекеме иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 443-бабы 1-бөлігі бойынша (қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету талаптарын бұзу) хаттама толтырылып, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗