04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Projects Maturity Forum 2025 іс-шарасы өтеді

|
Photo: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Projects Maturity Forum 2025 іс-шарасы өтеді

|
Photo: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

2025 жылғы 6–8 қараша аралығында EXPO халықаралық көрме орталығы мен Astana IT University алаңдарында Projects Maturity Forum 2025 өтеді. Бұл жобалық менеджмент, мемлекеттік басқару және бизнес салаларындағы мамандар үшін маңызды оқиға, деп хабарлады Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Форум Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana IT University және People&Projects компаниясының қолдауымен өткізіледі.

Іс-шараға Қазақстан, Еуропа, АҚШжәне Орталық Азия елдерінен сарапшылар қатысады. Бағдарламада – басқаружетілгендігіне арналған пікірталастар, өңірлік жобалық кеңселердің үздік тәжірибелері, симуляциялық ойындар және жасанды интеллект, дизайн-ойлау ментәуекелдерді басқару бойынша мастер-кластар қарастырылған.

Форум бағдарламасы:
* 6 қараша – салалық сессиялар, Astana IT University
* 7 қараша – пленарлық пікірталастар, EXPO ХКК
* 8 қараша – студенттерге арналған білім күні
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗