03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанның аймақтарында британдық білім беру стандартының ауқымы кеңейіп жатыр

|
Photo: Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанның аймақтарында британдық білім беру стандартының ауқымы кеңейіп жатыр

|
Photo: Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беруді интернационалдандыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Primus Education ірі инвестициялық холдингі Қазақстанда британдық білім беру стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Алистер Бартоломью KGIR-2025 алаңдарында бұл жұмыс тек ірі қалаларда емес, сонымен қатар өңірлік дамуға да бағытталатынын атап өтті.

Оның айтуынша, бірлескен жобалар қазақстандық жастарға тікелей өз елінде халықаралық білім алу мүмкіндіктерін ұсына отырып, адами капиталды сақтауға бағытталған. Мұндай мүмкіндік мектеп деңгейінде де, университет деңгейінде де бар.

«Олардың қызығушылығы мол, ынтасы зор, рухы өршіл, сондықтан да осының барлығын ағылшын білімімен үйлестіре түсу шын мәнінде жетістіктер тарихына бастайды», - деді Алистер Бартоломью.

Жоғары стандарттағы алғашқы білім ордалары бүгінде Астана қаласында ашылған, десе де өңірлерде де ашу жоспарда тұр. Шымкент, Ақтау, Қарағанды қалаларынан оқу орындарын ашу қарастырылған.

«Біз Қазақстанда адами капиталды сақтауға тікелей көмектесеміз. Жастар мектеп деңгейінде де, университет деңгейінде бастапқыда өз елінде отырып халықаралық деңгейдегі білімді ала алады. Бұл олардың болашағы үшін өте маңызды», - деді Primus Education президенті Алистер Бартоломью.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗