03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде 120 мыңнан астам азамат тегін құқықтық көмек алды

|
Photo: Фото: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде 120 мыңнан астам азамат тегін құқықтық көмек алды

|
Photo: Фото: Freepik.com

Еліміздің барлық облыс және аудан орталықтарында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әрбір ниет білдіруші танымал адвокаттар мен білікті заңгерлерден тегін құқықтық кеңес алып, мемлекеттік органдардың басшыларына тікелей сұрақтарын қойды.

Акцияны Бас прокуратура Әділет министрлігімен, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, адвокаттардың, заңгерлердің, нотариустардың және сот орындаушыларының қатысуымен ұйымдастырды. Іс-шараға «ZakonKZ» және «Параграф» желілік басылымдары қолдау көрсетті.

Осы маңызды әлеуметтік іс-шараның арқасында 250-ден астам қала мен елді мекендегі 120 мыңнан астам азамат өздерін толғандырған құқықтық сұрақтар бойынша тегін әрі білікті кеңестер алды.

Акция барысында келушілерге заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері бойынша түрлі ақпараттық буклеттер таратылды. Мысалы, шетелдік колл-орталықтардың азаматтардың телефондарына жаппай қоңырау шалу, фишингтік сілтемелер жіберу және жоғары табыс уәде ету арқылы оларды «дропперлікке» (банк шоттары мен карталарын үшінші тұлғаларға беру) тартуымен байланысты интернет-алаяқтықтардың өсуіне орай, азаматтарды бұл қылмыс түрлерінен қорғау бойынша нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, несиелерді ресімдеуді бұғаттау бойынша EGOV.kz және Kaspi.kz қызметтерінің тетіктері жан-жақты түсіндірілді.


 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗