Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Бүгін, 14:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views53
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Фото: olympic.kz

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ширек финалда ол чехиялық теннисші Далибор Сврчинаны жеңді.

Кездесу 6:1, 6:1 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Ву Ибинмен кездеседі.