Бүгін «Алтын доп» иегері анықталады

Бүгін, 12:27
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views44
Бүгін «Алтын доп» иегері анықталады
Фото: Getty Images

Бүгін Париждегі «Театр дю Шателет» театрында «Алтын допты» марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Алтын допқа» басты үміткерлер: Усман Дембеле («ПСЖ», Франция), Рафинья («Барселона», Бразилия), Лaмин Ямаль («Барселона», Испания).

Ерлер мен әйелдер арасындағы үздік ойыншы жүлдесінен бөлек, Раймон Копа (21 жасқа дейінгі үздік футболшы) және Лев Яшин (жылдың үздік қақпашысы) атындағы жүлделер де табысталады.

Тікелей эфир Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.

Айта кетейік, өткен жылы «Алтын допты» «Манчестер Сити» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри алған болатын.