Қарағанды облысында браконьерлерден 120 келіден асатын бұғы еті табылды

Бүгін, 16:18
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views45
Қарағанды облысында браконьерлерден 120 келіден асатын бұғы еті табылды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы екі ірі браконьерлік деректі әшкереледі. Нәтижесінде Теміртау және Астана қалаларының тұрғындары ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы оқиға Осакаров ауданында табиғатты қорғау полициясы мен жергілікті аңшылық қоғамы қызметкерлерімен бірлескен рейд кезінде болды. Тексеру барысында Теміртау қаласының екі тұрғыны басқарған көліктерден жалпы салмағы 120 келіден асатын бұғы еті табылды.

Күдіктілердің ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Полиция қызметкерлері күдіктілердің қаруларын тәркіледі.

Екінші дерек Нұра ауданында тіркелді. «Охотзоопром» инспекторымен бірлескен рейд кезінде Астана қаласының үш тұрғыны мінген көліктен төрт киіктің бөлшектелген еті анықталды. Олардан да тиісті құжаттар табылмады. Тінту барысында тіркелген мылтық пен пышақтар алынған.

Аталған деректер бойынша заңсыз аңшылыққа және сирек кездесетін жануарларға қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты қылмыстық істер қозғалды.

Сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.