Ұлытау облысында терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Фото: freepik.com
Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.
Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, кәсіби біліктілігін танытып, мемлекеттік айыптауды толық қолдады.
Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:47
Алматыдағы базарлардың бірінде белгілі тауар белгісінің атын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді

Бүгін, 17:01
БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгені заңсыз шығаруға қатысы бар «стоматологтардың» элиталы көліктері тәркіленді

Бүгін, 16:18
Қарағанды облысында браконьерлерден 120 келіден асатын бұғы еті табылды

Бүгін, 10:53
Аса iрi мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды (ВИДЕО)