Қазақстанды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етеміз – Дэвид Запольски

Бүгін, 19:12
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views54
Қазақстанды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етеміз – Дэвид Запольски
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольски айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеміз. Көп рақмет, Президент мырза!  Сізбен кездесу біз үшін үлкен мәртебе. Бүкіл командамыз Сізбен кездескенімізге қуаныштымыз.  Еліңіздің Үкіметімен және «Қазақтелеком» компаниясымен осы келісімге қол жеткізу жолында еңбек еткен барлық азаматтарға алғыс айтамын. Сіздің цифрлық технологияларды енгізу бастамаңызды қуаттаймыз. Бұл біздің Орталық Азиядағы алғашқы ірі және ең маңызды жобамыз. Мұны мақтан тұтамыз. «Қазақтелеком» компаниясымен бірге тұрғындарды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеміз. Аталған жобаны ілгерілетуге ықыластымыз», - деді вице-президент.