Астанадағы Орталық саябақта «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Нұра ауданындағы SKI CLUB ASTANA клубы мүшелері елорданың Орталық саябағында орналасқан шаңғы-роллер жолында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аталған акцияға шаңғы клубының 30-ға жуық спортшысы қатысты.
«Орталық саябақ - Астанадағы ең танымал саябақтың бірі. Осы жерде күніне кемі 1000-ға жуық тұрғын спортпен айналысады. Сондықтан аумақты кемінде бір мәрте тазалауға тырысамыз. Себебі, бұл жер үнемі қоқысқа толып қалады. Қаланың тазалығы - Қазақстанның келбеті. Тек біздер ғана емес, барлықтарыңызды акцияға қатысуға шақырамын», - деді SKI CLUB ASTANA клубының басшысы Александр Пилипенко.
Айта кетейік, SKI CLUB ASTANA клубында 100-ге жуық қатысушы аптасына тұрақты түрде 6 мәрте спортпен айналысады. Олар жаз мезгілідне роллерді қолға алса, қыста шаңғыдағы біліктіліктерін шыңдайды.



