Елде снек шығаратын ең үлкен зауыттың бірі ашылады

Бүгін, 18:44
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views70
Елде снек шығаратын ең үлкен зауыттың бірі ашылады
Фото: akorda.kz

Бұл туралы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Cтивен Кихо айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келесі жылы Қазақстанда снек шығаратын ең үлкен зауыттың бірі ашылады. Президент мырза, қабылдағаныңыз үшін алғыс айтамын.  Бүгінгі Нью-Йорктегі жұмыс күніңізді бізбен кездесуден бастағаныңызға ерекше қуаныштымыз. PepsiCo компаниясының Қазақстанға салған инвестициясы – біздің ең маңызды әрі мақтан тұтатын жобаларымыздың бірі. Бұл біздің экожүйеміздегі снэк шығаратын ең үлкен зауыт санатында болады. Біз өндірістің тезірек ашылып, толық іске қосылуын асыға күтеміз. Зауыт келесі жылы маусым айында ашылады деп үміттенеміз», - деді төраға.