БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгені заңсыз шығаруға қатысы бар «стоматологтардың» элиталы көліктері тәркіленді

Бүгін, 17:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views64
БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгені заңсыз шығаруға қатысы бар «стоматологтардың» элиталы көліктері тәркіленді
Фото: видеодан кадр

Атырау облысында жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асатын зейнетақы жинағын жымқыру схемасы әшкере болды. Қаржы мониторингі агенттігі Telegram арнасында тәркіленген мүлікті көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің әлеуметтік желіде жариялаған мәліметі бойынша, жалған емханалар мен 226 дроппер арқылы жымқырылған қаржы 200 млрд теңгеден асқан.

«Күдіктілер салымшылардың ақшасына құны 600 млн теңгеден асатын 15 элиталық көлік сатып алған.

Сонымен қатар коммерциялық үй-жайлар, пәтерлер мен жер учаскелері бар.

Қылмыстық жолмен тапқан мүлікті іздеу әлі жүріп жатыр», - деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Отбасы банк» өкілдері стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін алынған бірыңғай зейнетақы жинақтарының мақсатсыз пайдалану жағдайлары туралы айтқан болатын.