Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 17:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views56
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды
Фото: freepik.com

Жетісу облысында «Қарасора – 2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдау және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz

Алматы-Өскемен автожолында полицейлер 65 жастағы ер адам мен оның Toyota көлігін тізгіндеген 29 жастағы ұлын ұстады. Автокөліктің салонынан 19 келі марихуана тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің ұлы есірткіні Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғынынан алғанын айтты. Кейінгі шаралар барысында күдіктінің 66 жастағы жұбайы да анықталды. Ол телефон арқылы күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Оның тұрғылықты жерінен тағы 1 келі марихуана табылды.

Облыстық прокуратурамен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде облыс аумағында жеткізуді ұйымдастырған күдікті ұсталды. Жамбыл облысындағы оның қожалығынан 10 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Барлық қатысушы қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.