Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 100 млн көлемінде сыйақы табысталды

Фото: ОКҚ
Елімізде 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы тағайындалып келеді. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлеріне – 1500 АЕК-ке дейін; күміс медаль иегерлеріне – 1000 АЕК-ке дейін; қола медаль иегерлеріне –500 АЕК-ке дейін сыйақы беріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2025 жылы олимпиада жеңімпаздары мен олардың тәлімгерлеріне жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам біржолғы сыйақы берілді. Мемлекеттік қолдау тек оқушыларға ғана емес, олардың жетекшілеріне де бағытталған», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, халықаралық олимпиада жеңімпаздары «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:02
Биыл тағы 30 мыңнан астам педагог біліктілік арттыру курстарынан өтеді

Бүгін, 09:31
Қорғаншылық органдары қызметкерлерінің саны 3,3 есеге артты

18 қыркүйек, 2025
Alaqan pay: Оқушылар енді биометриялық төлем жасай алады

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ-ді енгізудің ұлттық моделін бекітті