Депутаттар Сенат отырысының күн тәртібін бекітті

Бүгін, 15:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views39
Депутаттар Сенат отырысының күн тәртібін бекітті
Фото: parlam.kz

Бүгін Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 25 қыркүйекте өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Соған сәйкес, алдағы бейсенбіде сенаторлар «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Хаттамада электрондық сауда шеңберінде сатып алынатын тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу тәртібін реттейтін ережені бекіту көзделген. Осы өзгерістер электрондық сауда алаңдары арқылы жеке тұлғалар сатып алатын тауарларды ресімдеу, декларациялау, уақытша сақтау және шығару тетігін құқықтық бекітуді, сондай-ақ тауарлардың осы санаттары бойынша кедендік төлемдерді алу тәртібін айқындайды.

Сонымен қатар Бюро отырысында Сенаттың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды.