Түркістанда ет жәрмеңкесінде еттің келісі 2600 теңгеден сатылып жатыр – министрлік

Бүгін, 16:14
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views58
Түркістанда ет жәрмеңкесінде еттің келісі 2600 теңгеден сатылып жатыр – министрлік
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Түркістандағы «Қуаныш» базарында аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері жәрмеңке өтеді. Бұл жәрмеңкеде күніне 8-14 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылады. Бүгін өңірдегі жәрмеңкеде 1300 келі сиыр еті 2600 теңгеден қала тұрғындарына ұсынылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Қалада сиыр еті 50-ден астам сауда нүктесінде әлеуметтік бағада сатылып жатыр. «Айналым схемасы» тетігі аясында сауда желілерімен келісімшарттар жасалып, сиыр етінің сүйекті күрек-кеуде бөлігінің келісі 2 070 теңге деңгейінде белгіленген бағада сатылуда. Сондай-ақ өңір нарығында келісі 3700-3800 теңге болатын коммерциялық бағадағы ет өнімдері де бар.

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Жалпы облыстың барлық аудардарында аптасына 16 жәрмеңке өткізіледі. Мұнда ет және өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарықтағы бағадан 15-20% төмен сатылады.