Астанада «Сарайшық» ауданы ардагерлер кеңесінің  жаңа құрамы сайланды

Бүгін, 17:25
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views62
Астанада «Сарайшық» ауданы ардагерлер кеңесінің  жаңа құрамы сайланды
Фото: Сұлтан Сейітов

Бүгін «Астана қаласы «Сарайшық» ауданының ардагерлер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің I конференциясының отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Конференцияның жұмысына «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы төрағасы Сансызбай Есілов, «Сарайшық» ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайберген, Астана қаласы мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова, Amanat партиясының қалалық филиалы өкілі Әбдіғали Базылханұлы қатысты.

«Сарайшық» аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Омархан Бірімжан конференцияны ашып, ардагерлер ұйымдарының осыған дейін атқарған жұмыстары туралы айтты.

«Ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық мұра құндылықтары арқылы патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» атты Астана қаласы ардагерлер кеңесінің 2025 жылға бағытталған жоспарына сәйкес, «Сарайшық» ауданының ардагерлер кеңесі ардагерлер ұйымдарының рөлін көтеру және беделін арттыру мақсатында көптеген іс-шаралардың легін жүзеге асырды. Мысалы, екінші жарты жылдықта 4 шілдеде «Сарайшық» ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Астана күніне арналған аудан ардагерлері мен жастардың арасындағы  шахмат  турнирі ұйымдастырылды. Жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар, турнирге қатысушыларға  алғысхаттар табыс етілді. Шахмат турнирі салтанатты жағдайда өткізілді», - деген ол бұдан басқа да бірқатар іс-шараларға тоқталып өтті.

Одан соң қатысушыларды конференцияның күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.

«Сарайшық» ауданының ардагерлер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің I конференциясының отырысында «Сарайшық» ауданының ардагерлер кеңесінің  құрамын сайлау; аудандық  ардагерлер  ұйымының тексеру комиссиясының құрамын сайлау; аудандық ардагерлер кенесінің Төралқасын сайлау; Аудандық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссияларын құру туралы және аудандық ардагерлер кеңесінің бастауыш ардагерлер ұйымы туралы Ережені бекіту мәселелері қаралды.

Аталған негізгі мәселелер тыңдалып, талқыланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша конференция қаулысы қабылданды.

«Сарайшық» ауданының ардагерлер кеңесінің құрамына 25 мүше сайланды.

Айта кетейік, бүгінгі күні «Сарайшық» ауданында 12 мыңнан астам зейнеткерлер тұрады, оның ішіндегі 48-і - соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері.