«Сиыр еті бағасын тұрақтандыруға тырысып жатырмыз»: Сауда министрі

Бүгін, 20:01
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views52
«Сиыр еті бағасын тұрақтандыруға тырысып жатырмыз»: Сауда министрі
Фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкімет отырысында өзі жетекшілік ететін министрліктің сиыр еті бағасын тұрақтандыру бойынша қандай іс атқарып жатқанын айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министр Арман Шаққалиев ішкі нарықты сиыр етімен қамту үшін 15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынды, сонымен қатар ет әкетуде ветеринарлық бақылауды күшейту және сиыр етін экспорттау квотасын тек ет өңдеуші кәсіпорындарға белгілеу жөніндегі ұсыныстар қолдау тапқанын айтты.

Одан бөлек, сиыр еті бойынша фермерлерден сауда желілеріне ет жеткізуді қамтамасыз ету үшін сауда желілерімен келісімге қол жеткізілді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемді Ауыл шаруашылығы министрлігі қамтамасыз етеді, - деді миистр.

Бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы барысында тиімсіз делдалдар анықталып, жойылып жатыр.