Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Италияға қарсы кездесу өткізеді

Бүгін, 15:44
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views83
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Италияға қарсы кездесу өткізеді
Фото: Қазақстан футбол федерациясынан

Бүгін Астанада футзалдан Еуропа чемпионатына жолдама үшін Қазақстан мен Италия құрамаларының қарымта кездесуі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч 19:30-да басталады.

Командалардың алғашқы ойыны 18 қыркүйекте Италияда өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Италияда өткен алғашқы матчта 2:1 есебімен алаң иелері жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, футзалдан Еуропа чемпионаты 20 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Латвия, Литва және Словенияда өтеді.