Айыптаушы «мемлекетшіл» болуға тиіс – Әсет Шындалиев

Бүгін, 20:05
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views58
Айыптаушы «мемлекетшіл» болуға тиіс – Әсет Шындалиев
Фото: Бас прокуратура

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің Мемлекеттік айыптаушылардың алғашқы Халықаралық форумында айтты, деп хабарлады Elrodainfo.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, құқық қорғау органдары Академиясы және Түркі мемлекеттері ұйымының оқу орындары арасында 2022 жылы «Сот-құқықтық дайындықтың Түркі желісі бойынша өзара түсіністік туралы» меморандум жасалды.



Осыған орай ҚР Бас Прокурорының орынбасары форумда осы желі аясында мемлекеттік айыптаушы прокурорлар арасында тәжірбие алмасуды ұсынды.

Атап айтқанда, мыналарды ұсынды:

Құқық қорғау органдары Академия базасында Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің прокурорларын оқытуды ұйымдастыру.

Мақсаты – мемлекеттік айыптауды қолдау тактикасының озық модельдерін анықтау.

Бұдан бөлек, ТМҰ-ға мүше елдердің прокуратуралары мен ведомствалық оқу орындарында мемлекеттік айыптаушылар үшін оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Шындалиевтің пікірі бойынша осы бастамаларды іске асыру бәріміз үшін пайдалы болмақ.

«Біздің жұмысымыз қоғамдық. Сондықтан прокурорлардан жоғары этикалық нормаларды сақтауды үнемі талап етеміз. Қоғам сеніміне қол жеткізудің жолы – жоғары кәсібилік пен мінсіз бедел. Бұл үшін үнемі өз-өзіңмен жұмыс істеу қажет деп атап өтті», - деді орынбасар.

Прокурор процесте белсенді болуы керек. Оның функциялары – тек кінәні дәлелдеу мен жаза белгілеу емес, одан да ауқымды.

«Айыптаушы «мемлекетшіл» болуға тиіс. Оның міндеті – қылмыс салдарын жоюмен қатар, оларды болдырмау. Процесс барысында айыптаушы – қылмыс неліктен болды, заңда қандай олқылықтар бар, кім жол берді деген сұрақтарға жауап іздеуге міндетті. Тек осындай тәсіл ғана қылмыстық процесте «Заң мен Тәртіп» концепциясын толық іске асыруға көмектеседі. Мемлекеттік айыптаушыларға қылмыстың алдын алуға міндеттер жүктелген. Бұл - енді олардың жұмысына баға берудің бір критерийі. Осыны орындау барысында тек соңғы үш айда мемлекеттік айыптаушылар заңдылықтың бұзылуын жою туралы 13 ұсыну енгізді. Нәтижесімен 11 адам тәртіптік, 2 адам әкімшілік жазаға тартылды. Прокурорлардың бастамасымен соттар 23 жекеше қаулы шығарды. Нәтижесінде 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы жылы оннан астам заңнамалық және өзге де ұсыныстар енгізілді.Келешекте құқық бұзудың алдын алуда айыптаушылар үлесі еселеп өседі деп ойлаймын», - деді спикер.